Жерді жеке меншікке берумен қатар, жалға беру институты да қалуы тиіс, - дейді Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі, «Қазақстан картоп өсірушілер одағының» төрағасы Қайрат Бисетаев мәлім етті.
Қайрат Бисетаев бүгінде ауыл шаруашылығы инвестицияға мұқтаж екендігін баса айтты.
«Көптеген шаруаларды жердің алаяқтық нысанына айналып кетпеуі алаңдатады. Мұндайға жол бермеу үшін бізде мынадай ұсыныс бар. Жерді жеке меншікке ауыл шаруашылығы өндірісінде 5 жыл жемісті жұмыс істеген заңды және жеке тұлғалар ғана сатып ала алатын болсын», - деді ол.