Б. Сағынтаев: Жер сату ол бір ғана әкімнің қолында болмауы керек

/uploads/thumbnail/20170709013848015_small.jpg

Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір адамның қолында болмауы керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz..

«Бүгінгі отырыста негізгі айтылған мәселе  жер сатылмасын деген ұсыныс. Екіншіден, сатылса қалай сатылады деген ұсыныс айтылды. Осы төңіректе ой-пікірлер айтылды. Мұның бәрі бір жүйеге келтіріледі. Сосын ол ұсыныстардың барлығы бүгін құрылған жұмыс  топтарында жүйелі түрде талқыланады », - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы жер сатылған жағдайда оның сатылу үдерісі егжей-тегжейлі талқылануы керектігін баса айтты. «Жерді кім сатады? Ол қандай жерді сатады? Қанша көлемде сатылады? Осының бәрін мұқият талқылауға тиіспіз. Жалғыз бір әкімнің қолына осының бәрін берсек, халықты ол да толғандырады. Оны қоғаммен келісу керек», - деді Б. Сағынтаев.  

Связанные Статьи