ҚР ІІМ рұқсат етілмеген митингке шыққандардың дәл санын атау қиын екендігін жеткізді, , - деп хабарлайды Qamshy.kz
«Адамдардың ұсталу оқиғасы өткеніне аз уақыт өтті, сол себепті мен қазір анық санын айта алмаймын, біз қазір жағдайды сараптап жатырмыз. Бір ғана нәрсе айта аламын, елімізде рұқсат етілмеген митингтер орын алған жоқ, полицейлермен қақтығыстар болған жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Толық ақпарат кейінірек беріледі», - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция қызметінің төрағасы Игорь Лепеха.
Сонымен қатар, әкімшілік полиция комитетінің төрағасы құқық қорғау органдарының алдын-ала жұмыс істегенін, рұқсат етілмеген митингке жол бермеу үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Алайда, комитет төрағасының айтуынша, сенбі күні бір топ азамат рұқсат етілмеген митингті өткізуге ұйымдасқан.
«Осыған байланысты біздің қызметкерлер оларды ұстады. Жеке басқа қатысты мәлеметтер мен мақсаттарын білген соң, оларды босатты. Иә, олардың арасында журналистер де бар, бірақ мен мұның байқаусызда орын алған жағдай екеніне сенем. Жәй ғана түсінбеушілік болды», - деді Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, Қазақстанның оңтүстік астанасында да рұқсат етілмеген митинг болған жоқ.
«Жиналуға әрекет жасалынды, бірақ оның да алды алынды. Мұнда адамдардың саны шамалы ғана болды. Нақты айта алмаймын, шамамен 20-30 адам. Олардың басым бөлігі қарапайым адамдар, митингтің болатынын, оған рұқсат етілмегенін көпшілігі білмеген. Жәй ғана көргісі-тыңдағысы келген», - деп атап өтті Игорь Лепеха.