Эрисланди Лара: Головкин, жанкүйерлерге тартысты шоу сыйлайық

/uploads/thumbnail/20170709014000891_small.jpg

Бірінші орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (23-2-2, 13 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жекпе-жек өткізу келіссөзін бастауға шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Лара өткен демалыста Лас-Вегаста ұпай саны бойынша армян тумасы америкалық Ванес Мартиросянды жеңіп, титулын қорғап қалды. Ал Головкин жекпе-жегін көріп, өзімен кездесуге қызығушылық танытады деп санайды кубалық.

 «Головкин менің жекпе-жегімді көрген болуы керек. Қанша рет айқасқа шығып, оны айқасқа шақырдым. Келіссөзге кірісіп, жанкүйерлерге керемет шоу сыйласақ қайтеді», - деп мәлімдеді Лара Boxeo Mundial-ге сұхбат беру барысында.

Связанные Статьи