ОҚО-да жоғалған 17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Мәйіт Сарыағаш ауданының аумағынан табылған. Облыстық ІІД жоғалған қыздың мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты растап отыр. Қазір оқиғаның мән-жайы зерттелуде.
Туыстары өңірлік ақпарат құралдарына марқұмды жерлеу рәсімі бүгін өтетінін хабарлаған.
Естеріңізге салсақ, Шымкентте оқитын студент 10 мамыр күні жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыағаш ауданынан Шымкент қаласына таксиге отырып, содан хабарсыз кеткен. Ә. Оспанбекованы іздеуге туыстары мен достары, еріктілер, ауылдастары да жұмылдырылды.