Әйгерім Оспанбекованың өліміне күдікті ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709014218835_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып, мәйіті табылған 17 жасар Әйгерім Оспанбекованың өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Otyrar.kz –ке сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбековтың мәліметінше, қыздың өліміне күдікті ретінде 1990 жылы туылған жігіт ұсталды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Ұсталған жігіттің үстінен кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. қызір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік,  Шымкентте оқитын студент 10 мамыр күні жоғалып кетіп, мәйіті  табылған болатын. Ол Сарыағаш ауданынан Шымкент қаласына таксиге отырып, содан хабарсыз кеткен. Ә. Оспанбекованы іздеуге туыстары мен достары, еріктілер, ауылдастары да жұмылдырылды. 

 


 

Связанные Статьи