Ерке әнші Ерке Есмахан инстаграм парақшасындағы 999 мың оқырман саны миллионға жетіп, миллионыншы жазылушысына өзінің сахналық көйлектерінің бірін сыйға тартады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Отандық телеарналардың бірінде қонақта болып, сонда миллионыншы оқырманына өзінің сахналық көйлектерінің бірін сыйға тартатынын айтқан әнші енді уәдесін орындамақ.

Әншінің өзі айтқандай, миллионшы оқырман қызға сахналық көйлегін тарту етеді. Ал егер ер адам болып шықса, керісінше миллионшы жазылушы ер-жігіттен өзі сыйлық күтетінін айтты.
Әлеуметтік желі парақшасына миллионшы жазылушыны оқырманның санауына қалдырған әнші артынан бәрін өзі бақылауға алатынын ескертті.
«Милллионшы жазылушыны оқырмен емес, өзім таңдайтын болдым. Өйткені млн-шы оқырманды санап табу қиын екен. Кешірім сұраймын» деп жазды Ерке Есмахан.
Бұл хабарландыруды жазғанда Еркенің оқырман саны 999 мың болатын.

Ал қазір тұп-тура миллионға жетті.

Ерке Есмаханның көйлегі қай аруға бұйыратыны немесе Еркеге қай серінің сыйлық ұсынуға мүмкіндігі болатыны әзірге белгісіз.