Қытай бірқатар өндіріс орындарын Қазақстанға көшірмек

/uploads/thumbnail/20170709014854575_small.jpg

Қытай үкіметі бірнеше өндірісті Қазақстанға немесе ел шекарасына жақын көшіру мәелесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Астана экономикалық форумы барысында әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі DP World Директорлар кеңесінің төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz – ке сілтеме жасап.

Сұлтан Ахмед ибн Сулайм уақытты айтарлықтай үнемдегенімен, темір жол тасымалы теңіз тасымалынан әлде қайда арзан түсетіндігін айтып отыр.

«Сондықтан, болашақта Қытай өз өндірістерін Еуропаға жақын, Қазақстан жағына қарай көшіруі мүмкін. Мен солай болады деп те үміттенемін. Қазір Қазақстан өз жағынан Қорғас портын көліктік мүмкіндіктердің артықшылықтарын пайдалану үшін логистикалық парк түрінде дамытып жатыр», –  дейді ибн Сулайм.

Оператор-компания басшысы Қытай үкіметі өндірістік шығынды азайтуды қарастырып жатқанын айтты. Ал өндірістерді Қазақстанға жақын немесе ел ішіне көшіру Еуропаға тауар жеткізуді 12-13 күнге қысқартатындығын айтады.

Естеріңізге салсақ, сессия барысында ҚТЖ басшысы Асқар Мамин соңғы бес жылда ұлттық компания Қытайдан Еуропаға контейнерлік тасымалды 100 есеге артқанын айтқан болатын.

Связанные Статьи