Оңтүстікте студент қызды өлтірген жігіт тамызға дейін қамауға алынды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709015120624_small.jpg

Бүкіл Оңтүстік Қазақстан болып екі апта іздеген студент Әйгерім Оспанбекованы өлтірген такси жүргізушісі сот залына жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

25 жастағы Әлішер Арғынбаев студент қызбен қалай сөзге келіп, артынша қалай өлтіргенін жіпке тізгендей айтып отыр. Енді тергеу біткенше кемі екі ай изоляторда отырады. Айта кетсек, бірінші курс студенті Әйгерім Оспанбекова мамырдың 10-ы күні Сарыағаштан Шымкенттегі оқуына шығып із-түзсіз жоғалған болатын. Екі аптадан кейін оның мүрдесі өз аулынан 20 шақырым жердегі бидай алқабынан көмулі күйінде табылды.   

Связанные Статьи