Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Астанада бүгін ақтық сыны өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесуінде ол қытайлық Ванг Юаньды 3:0 есебімен ұтты.
Еске салсақ, әлем біріншілігі Қазақстан астанасында «Барыс-Арена» мұз айдынында өтуде. Оған әлемнің 67 елінен 285 спортшы келді.
Атап өтсек, 22 жастағы спортшы Қазақстандық қыздар арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионы.