«Келинка Сабина» және «Побег из аула» фильмдерінің жұлдызы Айнұр Ильясова жуырда тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Актриса мен оның сүйіктісі Дәулет той күнін 3 маусымға белгілеген. Қос ғашық бірнеше жыл бұрын ортақ достары арқылы танысып, табысқан.

«Ол өте қызық жігіт, өте ақылды, оның ер адам ретінде маған көңіл бөлгені мені қызықтырады. Ол шығармашылық адамы емес, сондықтан шығар жарнаманы ұнатпайды. Біз-бір-бірімізді өте қатты сүйеміз және түсінісеміз. Өмірді, адамдарды, айналасын бағалай алатын екі адам кездесіп, табысты деп айта аламын. Біз мұның бәрінен өттік», - дейді Айнұр.

Айнұр Ильясова Өскеменнің тумасы, Алматыға 2010 жылы қоныс аударған. «Побег из аула», «Парыз», «Бажалар», «Сырғалым», «Сырғалым 2» сынды көптеген сериалдар мен жобаларға түскен.

Сондай-ақ, «Келинка Сабина» филімі арқылы көпшілікке өте таныс. Айнұр 2015 жылы «Келинка Сабинадағы» рөлі үшін «Екінші пландағы ең үздік актриса» номинациясын жеңіп алған.