Боксшы Дина Жоламан Әлем чемионатында алтын алды

/uploads/thumbnail/20170709015355235_small.jpg

Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Дина Жоламан алтын жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бүгін финалда ол болгариялық Стойка Петрованы 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының алтын медалін салған болатын. 

Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында шаршы алаңға қазақстандық спортшылар Валентина Хальзова (69 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (81 кг жоғары) шығады.

Связанные Статьи