Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтын жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бүгін финалда ол АҚШ боксшысы Шейдайсия Гринді 3:0 есебімен тізе бүктірді. Л. Күнгейбаева 2014 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алғаны есімізде.
Осымен Қазақстан қоржынында төрт алтын, екі қола медаль бар және жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Екінші орында - Қытай, үшінші орында - АҚШ құрамалары тұр.
Айта кетейік, бұның алдында Н. Қызайбай, Валентина Хальзова мен Дина Жоламан Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының алтын медалін салған болатын.