Владислав Косарев: Біз неге джип емес, ауыл шаруашылығы техникасын шығармаймыз?

/uploads/thumbnail/20170709015640753_small.jpg

Косарев Жерді шетелдiктерге жалға беру аса күрделі мәселе екенін айтқан Владислав Косарев, оған аса сақ қарау, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы техникаларын жасауды үйрену керектігін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz
«Менiң ойымша, бiз талқылап жатқан мәселе өте өзекті. Бiздiң осы жерде шындықты айтуымыз халықтың көңiлiнен шығады. Бiрақ, бiздiң әңгiмемiз жерден пайда көрiп отырғандарға ұнамауы мүмкiн. Ондай адамдар аз емес. Жердi өз пайдасына ғана пайдаланатындар да бiзде жеткiлiктi. Бiз ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қамтамасыз етуiмiз керек. Бұл – бiздiң бас ауруымыз. Бiз үлкен ауыл шаруашылығын Канададан әкелiнген техникамен дамыта алмаймыз. Өз өндiрiсiмiздi дамытуымыз керек. Бiздiң мүмкiндiгiмiз бар. Неге бiз джип шығарамыз, ал егiн егетiн көлiк шығармаймыз? Бiздiң барлық жердi өңдеуге күшiмiз жетпейді», - дейдi Владислав Косарев жер комиссиясының кезекті отырысында. 
Коммусниетрдің жетекшісі жерді өзге елдерге жалға берген мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, талдап көру керек деп есептейді.

 

Связанные Статьи