Франциядағы ереуілдер Еуро-2016 чемпионатына кесірін тигізуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709015940318_small.jpg

Жаңа еңбек заңнамасымен келіспейтінін білдірген Франциядағы ең ірі кәсіподақтардың бірі биыл жазда елде футболдан өтетін «Еуропа чемпионатын болдырмаймыз» деп сес көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, «Жалпыға бірдей еңбек конфедерациясының» мүшелері жарысты қабылдайтын 10 қаланың әрқайсысында наразылық акцияларын өткізбек. Соның салдарынан жүк тасымалы, қоғамдық көлік, жедел жәрдем және қоқыс шығару қызметі тоқтап қалуы мүмкін деген қауіп бар.

 

Франция көшелерін жайлаған шерулерге еңбек министрінің ұсынған заң жобасы түрткі болып отыр. Құжат қызметкерлердің жұмыс сағаттарын көбейтуді және үстемақы мөлшерін азайтуды көздейді. Сондай-ақ, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару жолдарын жеңілдету жоспарланып отыр.

 

Связанные Статьи