Уақытша жабылған Көкшетау әуежайы бүгін қайта қызмет көрсете бастайды

/uploads/thumbnail/20170709020030803_small.jpg

Ақмола облысының орталығындағы аэропорт мамандандырылған әкімгершілік сотының шешімімен бірнеше күннен бері жабық тұр. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот қаланың әуе қақпасын 10 күн мерзімге жапқан болатын. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, соттың аэропорттың иесі болып табылатын «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ іс-әрекетін тоқтату туралы шешімі авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты 1 ақпанда қабылданған.

Мемлекеттік бақылау және тексеру органдарының заңды талаптарын, ұсыныстарын, қаулыларын орындамағандары үшін авиакомпанияның лауазымды тұлғаларына 200 есепті айлық көлемінде айып пұл салынған. Сонымен бірге аэропорттың жұмысы 10 күнге тоқтатылған. Бұл шара 20 мамырдан басталды. Енді бүгін 30 мамыр күні әуе қақпасы қайтадан өзінің жұмысын жалғастырады. 

Связанные Статьи