МС Сайлаубек өзін «ату» оқиғасына қатысты сұхбат берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709020233336_small.jpg

Әлеуметтік желіде тараған «МС Сайлаубекті атып кетті» деген хабардың анық-қанығын Алматы полициясы анықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері осы оқиғаға байланысты жедел іздестіру шараларына кірісіп, әнші мен оның продюсерін тапқан. Полиция қызметкерлеріне олар аталған видеокадрдың өткен жылы түсірілген клиптің бір бөлігі екенін, ал, ол кадрлардың желіге салынуы жарнамалық әдіс екенін мойындаған.

«Қазір жалған ақпаратты таратқан тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Связанные Статьи