9 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні

/uploads/thumbnail/20170709023211834_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестік әрекетке байланысты мәлімдеме жасады. Президент 9 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі, - деп хабарлайды  Qamshy.kz.

«Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында діннің атын жамылған бір топ террорист елдің тыныштығын бұзды. (...) Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда», - делінген Елбасының қанды оқиғаға байланысты жасаған мәлімдемесінде.

Связанные Статьи