Аманхан Әлімұлы Ерлан Қариннің ұсынысын кертартпалық деп бағалады

/uploads/thumbnail/20170709023334632_small.jpg

Кеше саясаттанушы, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Карин елде орын алған соңғы лаңкестік әрекеттерге байланысты пікір білдіріп, Қазақстанда әлеуметтік желілерге, оның ішінде ВКонтакте желісінің қызметіне жектеу қоюды ұсынған болатын.

Саясаттанушының ұсынысына ақын, журналист, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлы наразы. Ақын мұндай «кертартпалық Ерландай азаматқа жараспайтынын» айтады. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Назарларыңызға Аманхан Әлімұлының Ерлан Қаринге өз парақшасында жолдаған ұшбу хатын ұсынып отырмыз.

ҰШБУ ХАТ

Ерлан мырза, әлемдік адамзат ақыл-ойының жемісін әрі өркениет көрсеткішін жауып үлгі көрсетпеу керек, қайта оны пайдалану мәдениетін үйретіп, жалпы, құралдың (бұл жерде Әлеуметтік желіні құрал деп түсінейік) жаман болмайтынын, оны пайдалана білмейтін білімсіз, біліксіз адамның жаман болатынын айтып, жазып, ойға да бойға да сіңіру керек те, Өз тарапыңыздан со бағыт-бағдарда, ұстанымда жақсы үлгі көрсетуге тиістісіз. Сіз өзіңізді оқыған, саясаткер адам санайтын азаматсыз. Керкетті, кертартпалық Сізге жараспайды. Әлемдік өркениет - адам ойының озық үлгісінен, тиімді де пайдалы ақыл-ой жемісінен тұрады.Біз соған қол жеткізіп, өзіміз де соған үлес қосуымыз керек. Егер, Сіз оның пайдасын, жемісін, жақсылығын көруді қаламасаңыз, өзгеге кедергі жасамаңыз. Бұл жақсы құрал, со жақсы құралды пайдалана білмей, оның пайдалану мәдениеті мен іс-әрекеттік, байланыстық қадыр-қасиетін сезіп-білмейтіндер қазақты кері тартады. Әлемдік өркениет жемісінің қызығын, пайдасын көруден жеріндіреді. Оны құбыжық көрсетеді. Әлеуметтік желі БАҚ-тың озық үлгісі. Бүкіл әлем пайдаланып отырған құрал."Өткенді (тарихты) пистолетпен атсаңыз, өткен Сізді пушкамен атады" дегенге саятын қанатты сөз бар. Сондықтан, Сіз адамзаттың ақыл-ойының жемісі, озық өркениеттің көрінісі Әлеуметтік желіні пистолетпен атсаңыз, ол Сізді пушкамен атады. Оның күш-құдіреті сонда. Қазіргі Сіздің жақсылы-жаманды, азды-көпті, барлы-жоқты жинаған беделіңіз сол БАҚ-тың озық үлгілерінің жемісі. Сондықтан, Әлеуметтік желіні пайдалана алмайтын, пайдалану мәдениетін білмейтін білімсіз де біліксіздер үшін, қалған қазақ қоғамын кертартпаңыз, кертарпалық көрсетпей айтқан сөзіңізді қайта алыңыз. Сәлеммен, Аманхан Әлімұлы.

Связанные Статьи