Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылды

/uploads/thumbnail/20170709023457243_small.jpg

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бүгін Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта судья Әділхан Шайхисламов үкім оқыды.

Сот үкімімен Т. Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, оның мемлекет басшысының жарлығымен берілген «Құрмет» ордені де алынбақ. Сот үкімі сондай-ақ оның барлық мүлкін тәркілеуді және мемлекет пайдасына 5,9 млрд теңге қайтаруды міндеттейді.

Т. Ермегияев ҚР ҚК-нің 311 – бабы 5-бөлімі, 176-бабы «б» тармағы (1997 жылғы ҚК), 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімі жарияланғаннан соң 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Связанные Статьи