Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Асылбек Ізбайыров Ақтөбе облысында лаңкестіктің алдын алу, теріс ағымдармен күрес жүргізу үшін осыған дейін қыруар қаржы бөлініп келгенін айтып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Дінтанушының айтуынша, Ақтөбеде бұған дейін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі орталық, әкімдік жанында діни қатынастар туралы бөлім де болған көрінеді.

«Діни экстремизмнің алдын-алуға үлкен қаражат бөлінген. Нәтижесінде барлық қаражат тиісті жерге жұмсалмағанын, біреулердің қалтасында қалғанын көріп отырмыз. Бұл істі жан-жақты талдау, әсіресе, қаржылық тергеу жүргізу керек. Сонда барлығы өз орнына келеді. Әйтпесе осы орталықтар да батылдық танытып, өздерінің дұрыс жұмыс істемегендерін мойындаулары керек. Мен мұндай жағдай бірінші рет орын алып жатса түсінер едім, ал, бұл аймақ ерекше назарда болды емес пе?», - деп жазады ғалым.
Дінтанушы өңірде жергілікті имамдардың оң бастамалары да аяқсыз қалғанын алға тарта келіп, осы күнге дейін бөлінген қаражат пен атқарылған жұмысқа тексеру жасауды ұсынады.