Ақтөбеде лаңкестер полицияны оқ жаудырып қарсы алған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709023526759_small.jpg

Қазір Ақтөбеде бой тасалап жүрген лаңкестерді ұстау жөніндегі операция өтуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

«ҚР лаңкестікке қарсы орталығы ағымдағы жылдың 10 маусымында Ақтөбе облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы Ақтөбе қаласындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар тұлғаларды ұстау бойынша операция жүріп жатқанын хабарлайды.

Берілу туралы ұсынысқа лаңкестер қарулы қарсылықпен жауап қатты. Шара жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Күдіктілерді ұстау операциясы кеше түнде басталған. Арнайы операцияның өтіп жатқан орны туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда, куәгерлер қаладағы «Үміт» балалар үйінің бос тұрған ғимараты маңында арнайы жасақтардың жүргенін видеоға түсіріп, желіге жариялады.

Естеріңізге салсақ, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында болған теракттан жеті адам қаза тауып, 38 адам жарақат алған болатын. Полиция 6 күдіктінің жасырынып жүргенін хабарлады.  

Кеше республика бойынша теракт құрбандарын аза тұту күні өтті.

Связанные Статьи