5 маусымда Ақтөбеде болған қанды қырғынға қатысы бар деген күдіктілердің бүгінгі күні 18-і өлтірілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ол он сегіз адамның 17-і террорист, біреуінің оларға көмек көрсетпек болған сыбайласы екенін айтады құқыққорғау органдары. Енді сол оқиғалардың хронологиясына тоқталайық.
5 маусым күні «Пантера» дүкенінде үш терорист өлтірілді. 6655 әскери бөліміне шабуыл кезінде тағы біреуі жойылды. Кейін қарулы құрылымдар тағы екеуін өлтіргені хабарланды. Сөйтіп, 5 маусымда барлығы алты адам өлтіріліп, жетеуі қолға түсті, оның екеуі жарақаттанған.
6 маусым. ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев түнгі болған жедел іздестіру шаралары барысында қарсылық танытқан тағы бес террорист туралы мәлімдеді. Сөйтіп, қанды оқиғаның екінші күні қаза болған күдіктілер саны 11-ге өсті, 9 тоғыз адам ұсталды.
7 маусым. ІІМ терористер туралы жаңартылған мәліметтер ұсынды. А. Садубаев сол күнге дейін барлығы 13 қылмыскердің өлтірілгенін айтты.
9 маусым. ІІМ арнайы қызметтермен бірлесіп бой тасалап жүрген алты қылмыскерді іздеу жүріп жатқанын хабарлады.
10 маусым. Ақтөбеде күштік құрылымдар тағы бір арнайы операция өткізді. Көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерге жасырынған 4 лаңкестік өлтірілгені хабарланды. Бұл төртеуден басқа, осы күні қаланың басқа бөлігінде тағы бір қылмыскер өлтірілген.
Осылайша, қазіргі таңда күдіктілер ішінде өлтірілгендер саны 18 адамды құрап отыр. Ұсталғандар 9 болса, тағы екеуі бостандықта көрінеді.
5 маусым күні болған терактіде қарулы қылмыскерлер қолынан 7 адам (оның үшеуі - әскерилер) қаза тауып, 38 адам жарақат алды.
ҰҚК бұйрығымен ел бойынша лаңкестік қауіптіліктің «сары деңгейі» енгізілді.