Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы мешітте жарылыс болып, 4 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тағы 40 адам жараланған. Қастандықтың жамағат жұма намазына жиналған кезде жасалған. Бұл туралы провинция губернаторының ресми өкілі хабарлайды. Айтуынша, мешіттегілердің дені – Рамазан айында ораза ұстап, құдайға құлшылық етіп жүрген жандар. Оған қоса ресми өкіл жараланғандардың кейбірі ауыр халде болғандықтан, қаза тапқандар санының әлі де артуы мүмкін екенін атап өтті. Айта кету керек, Нангархар провинциясында көбіне тәліптердің қылмыстық тобы белсенді іс-қимылдар жүргізеді.