Әйеліне қол жұмсады деп айыпталған Бақытбек Есентаев жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?

/uploads/thumbnail/20170709024247265_small.jpg

Танымал продюсер, әнші, тележүргізуші Баян Есентаева соққыға жығылып, ауруханаға түскенін бұған дейін хабарлағанбыз. Әншіге ауыр дене жарақатын салды деп оның күйеуі Бақытбек Есентаев айыпталуда. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Бүгін сот оған тергеу кезінде қолданылатын бұлтартпау шарасын анықтайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Продюсердің соққыға жығылуға ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды. Қайғылы оқиғаны талқылағандардң қай-қайсысы болса да Баян Есентаеваның тез айығуына тілектестік танытып, қол жұмсаған күдіктінің әрекетін ашық айыптауда. Желі қолданушыларының дені келіншегіне қол жұмсап, дене жарақатын салған адам заңға сай тиісті жазасын алуы керек дейді. Қоғамдағы осы тақылеттес тұрмыстық кикілжіңдерді алға тартып, «Баянның күйеуі ауыр жазадан құтылып кетуі мүмкін» дейтіндер де бар.

Заңгер Джохар Өтебеков informburo.kz сайтына осы мәселеге орай түсінік беріпті. Оның айтуынша, егер құққорғау органдары Бақытбек Есентаевтың кінәсін толық дәлелдеп, алайда, келіншегі күйеуіне кешірім берсе Бақытбек Есентаевтің бостандықта қалуы мүмкін көрінеді.

«Егер айыптауға қатысты қандай да бір өзгеріс болмаса, ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу) қолданылатын болады. Ол бап 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу жазасы көзделген. Іс жүзінде егер тараптар ымыраға келсе, көбінесе бас бостандығын шектеу қолданылып жатады. Сотталушыны сот зардап шегушімен татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, бұл құқықтық-қылмыстық мағынадағы татуласу болып табылмайды, соған қарамастан зардап шегушінің өтініші іс жүзінде міндетті түрде ескерілетін болады», - деген заңгер күдіктіге нақты бас бостандығынан айыру жазасы белгіленбеуі мүмкін екенін айтады. Оның ойынша, сот айыпталушыға 3-4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын қолдануы мүмкін.

Заңгер сондай-ақ, сот процесінің жабық түрде өтуіне де ешқандай себеп көріп тұрмағанын айтады.

Естеріңізге салсақ, продюсер Баян Есентаева өткен жұма күні Алматы облысы Талғар ауданы аумағында соққыға жығылып, қазір ауруханада жатыр. Ал, оның күйеуі Бақытбек Есентаевті полиция күдікті ретінде қамауға алған. Талғар аудандық ІІБ хабарлауынша, кикілжің кезінде продюсердің күйеуі ішімдікке мас болған көрінеді.   

Дәрігерлер жабық бас-ми жарақаты, параорбиталды гематома, бірнеше ішекті зақымдаған қарын тұсының пышақ жарақаты сынды диагноз қойған продюсердің денсаулығы тұрақты ауыр күйде қалып отыр. Дәрігерлер оның басы мен кеудесін томографияға түсірген. Ақ халаттылар қазір жансақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаева ауруханада кемі 10 күн болатынын айтуда.

Связанные Статьи