Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024254359_small.jpg

Ақтөбедегі терактқа қатысы бар деп іздеу жарияланғандар тізімінен тағы да шу шықты, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін полиция таратқан «көзі жойылғандар тізімінен» тауып отыр. Полиция «өлтіріп тастаған» жігіттің видео мәлімдемесі aktobe_zello тобында жарияланды.

Уайсов Данияр Рамазанұлы деген жігіт өзінің Ақтөбеде тұратынын, өзінің қайтыс болғандарға ешқандай да қатысы жоқ екенін айтады.

«Бүгін 2016 жылғы 12 маусым. БАҚ пен интернет беттерінде менің 5 маусымда Ақтөбеде шабуылға қатысы бар қылмыскер ретінде өлтірілген бандиттердің қатарында бар деп хабарлама берді. Өздеріңіз көріп отырғандай мен видео түсіріп отырмын, яғни тірімін. Сондықтан, осыған байланысты кешірім сұрауды және өзім туралы жалған ақпаратты жоққа шығаруды талап етемін», - дейді ол.

Бұған дейін қаладағы лаңкестікке қатысы жоқ, алайда күдіктілер тізіміне енген Самат, Санат Қожаниязовтар туралы ақпарат тараған болатын.

Связанные Статьи