«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» ИДЕЯСЫ ҚАЙТА БАС КӨТЕРДІ

/uploads/thumbnail/20170709024418063_small.jpg

Ел халқының 70 пайызы өзін «қазақстандық» деп санайды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдар докторы Жаңылжан Жүнісова жеткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Ж. Жүнісованың бұл айтып отырғандары жанынан шығарғаны емес, мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалармен негізделген, жоспарлы, жүйелі жұмыстың нәтижесі секілді көрінеді. Атап айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі Қазқақстанда «Біріңғай болашақ ұлтын» құру көрінеді. Бұл ұлт «Мәңгілік ел» ұлттық идесясына сүйенген ұлттық бірегейліктің үлгісі болмақ.

«Көптеген әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеулер халық арасында қазақстандық бірегейліктің басымдыққа ие екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі өздерін Қазақстанның өкіліміз деп санайды. «Өзіңізді бірінші кезекте кіммін деп санайсыз?» деген сұраққа қатысушылардың 70 пайызға жуығы «Қазақстан Республкаиысының азаматымын» деп жауап берген», - дейді Ж. Жүнісова.

Әлеуметтанушылардың бұл зерттеуді не мақсатпен, қандай қажеттілікті ойлап жүргізгені белгісіз, бірақ, «нәтижесіне» өздерінің көңілдері толатын сияқты. Азаматтық принципіне негізделген қазақстандық бірегейліктің қалыптасуы қажетті деңгейге жетті деп санайды.

«Ол заманға сай кәсіби және автономды басқару аппараты бар, заң үстемдік ететін және меншік құқығы қорғалатын, орта тап тез қалыптасатын, тұрақтылық пен қоғамдық келісім сақталатын мемлекетте табиғи жолмен орнығады», - деп санайды Академия профессоры.

Осылайша, «Сіз бірінші кезекте өзіңізді кіммін деп санайсыз?» деген сұрақ қойып, оған «Қазақстан Республикасының азаматы» деген жауап нұсқасын ұсыну сынды қитұрқылықпен өткізілген зерттеулер біраз жұл бұрын ұлтшылдардың табандылығы арқасында әрең басылған «қазақстандық ұлт» жобасының қайта тірілгенін дәлелдеп отыр. Қайта 70 пайыз дегені аз сияқты. Әлгіндей қитұрқылықтармен 99 пайыз көрсеткіштің суретін салып жатса да таң қалатын жайымыз жоқ.

Жомарт Абдоллаұлы

Связанные Статьи