Шегірткенің арқасында ақша жасап отырғандар бар

/uploads/thumbnail/20170709024727034_small.jpg

Мемлекет былай қарағанда қаражат бөліп, халықтың жағдайын ойлап жатқан секілді. Ал, тереңірек үңілсеңіз, сол ақшаны бөлген қолында тетігі азаматтардың ойлағаны мүлдем басқа болуы мүмкін...

Биылғы шегірткемен күресуге бөлінетін қаражат тиісті орындарға өткен жылғы жиын-теріннен кейін іле-шала аударылуы керек екенін ұғыну үшін аса бір терең ой иесі болудың қажеті шамалы...

Өзін-өзі сыйлайтын мемлекеттерде күз-қыс айлары сор шаю мен топырақтың құнарын арттыру, топырақ қабаттарындағы түрлі зиянкестердің личинкаларын жою секілді түрлі агротехникалық шараларға арналады. Өзге жақтан келуі мүмкін зиянкестерден қорғану жұмыстары да қыс айларында жүргізілуі тиіс.

Наурыз айында жер егіс салуға толық дайын тұруы керек. Ал, шегіртке жеп кеткен соң жұмсалған ақшаның қай құрдымға құйылатынын біз тек шамалай аламыз... Маңдай соры бес елі – салық төлеуші. Ал, қарызға белшеден батқан диқан туралы бірдеңе айтудың өзі артық...

Өмір Шыныбекұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Связанные Статьи