Алматы облысы Талғар қаласында екі бала автокөлік ішінде тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша қайтыс болған балалардың екеуі де үш жаста болған.
«Жеке тұрғын үйлердің бірінің алдында 13 маусым күні автокөлік өртенді. Оның ішінде үш жасар екі ұл бала болған. Балалар қайтыс болды. олар Фольксваген-Гольф көлігінің ішінде жанып кетті. Шетелдік көліктің өртену себебі әлі анықталмады. Талғар АІІБ қызметкерлері аталған оқиға бойынша тиісті тексеру жүргізуде», - делінген ІІД таратқан хабарламада.
Облыстық ІІД осындай қайғылы оқиға кеше Қарасай ауданында да болғанын, өрт кезінде 10-11 жастағы екі баланың Ұзын қарғалы өзеніне батып кеткенін хабарлайды.