ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сейсенбіде өткен Үкімет отырысында елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Министрдің айтуынша 2016 жылы қолданыстағы ШОБ субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өсті. Бүгінгі күні елде 1 млн 302 мың 562 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бишімбаевтың деректері бойынша осы секторда жұмыспен қамтылғандар санының өскені байқалуда.
«2015 жылдың қорытындылары бойынша ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар саны 3 млн 146 мың 576 адамды құрайды, бұл 2014 жылға қарағанда 2,8%-ға көп», - деп хабардар етті Министр.
Бишімбаев өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін жеңілдетілген қаржыландыруға 200 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
«Аталған қаражатты жаңарту түрінде орналастыру есебінен 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 260 млрд теңгеден астам сомаға 1353 ШОБ жобасы қаржыландырылды», - деп хабарлады Бишімбаев.
Бұл жағдай 740 млрд теңге сомасында өнім шығаруға, 15700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп, 66,8 млрд теңге сомасына бюджетке салықтық түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті
Сонымен қатар Бишімбаев оң серпінді сақтау үшін 2016 жылы қандай жұмыс жүргізілетіні туралы атап өтті.
«Дағдарысқа қарсы 2016 жылға арналған қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздарды қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде ШОБ қажеттілігін қорландыру, сондай-ақ 65 млрд. теңге көлемінде халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаттарын тарту көзделген» - деді министр.
Оның айтуынша ағымдағы жылдың соңына дейін 16,5 млрд. теңге сомасына ШОБ-тың 34 жобасына инженерлік инфрақұрылым жүргізілетін болады.
Бұдан басқа ШОБ-ты одан әрі ынталандыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша қосымша қолдау шаралары пысықталуда.
«Түпкілікті қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі 12,7%-дан аспайтын 155,3 млрд. теңгені бағыттау және мұндай кредиттерді «Бизнестің жол картасы-2020» арқылы құнын 5%-ға арзандату жоспарлануда» - деді министр.
Сөз соңында, Бишімбаев ағымдағы жылы құрылысқа кредиттер мен рұқсаттар алған, сыртқы экономикалық қызмет жүзеге асырылған кезде, банкротқа ұшырау және кәсіпкерлік субъектілерінің оңалту рәсімдерін жетілдіретін жағдайды жақсартуды көздейтін заңнамаға түзетулердің кезекті топтамасы пысықталып, жөніндегі болатынын атап өтті.