Қазақстан мешіттерінің жамағаты тарауықтан тегін таксимен қайтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Islam-today.ru мәліметтеріне сілтеме жасап.
«Қазақстанда «Имам» деп аталатын тегін такси қызмет көрсете бастады», - деп жазады ақпарат құралы. Ал, тегін таксидің жүргізушілері елді мекендердегі мешіт имамдары көрінеді. Олар тарауық намазынан соң жамағатты үйді-үйлеріне жеткізіп тастау міндетін алып отыр.
Бұл бастама Бас мүфти Ержан қажы Майемеровтің Ораза қарсаңындағы үндеуіне қолдау ретінде көтерілгенін айта кету керек. Тегін такси Қазақстанда алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында қызметін бастады.
«Тарауық уақыты өте кеш келеді. Көптеген азаматтарымыз түнде таксимен қайтуды қалтасы көтермейді. Сондықтан, Рамазан айында осындай бастама көтердік», - дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.