Астанада төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды

/uploads/thumbnail/20170709025132028_small.jpg

Астана қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Оқиға кеше болған. Көп қабатты пәтердің бесінші қабатынан терезенің маса тосатын торын жарып шыққан бала жерге құлап кеткен. Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген оны дәрігерлер өлімнен арашалап қалған.

Сондай-ақ, ІІМ ТЖК баспасөз қызметі кеше Павлодар облысы Ертіс ауданы Қараағаш ауылында да 2014 жылы туған қыз бала суға батып кеткенін хабарлап отыр.

Алматы қаласында 9 айлық баланың Үлкен Алматы өзеніне ағып кеткенін бұған дейін де жазған болатынбыз.

ТЖК  мамандары азаматтардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Связанные Статьи