Ауыратлеттердің қандай допинг қабылдағаны жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709025158825_small.jpg

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлеттердің – Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесін өз сайтында жариялады, -  деп хабарлайды Qamshy.kz prosportkz.kz-ке сілтеме жасап.

Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың қанында төмендегі заттар табылғанын хабарлады:

Светлана Подобедова (КАЗ) - (S1.1 Анаболиялық агент) Stanozolol SAZANAVETS, Dzina (BLR) - Дростанолон, Станозолол (S1.1 анаболиялық агент)

Майа Манеза (КАЗ) - (S1.1 Анаболиялық агент) Stanozolol

Илья Ильин (КАЗ) - Dehydrochloromethyltestosterone, Станозолол (S1.1 анаболиялық агент)

Зульфия Чиншанло (КАЗ) - Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболиялық агент).

Ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация олардың ісі жабылғанша спорттан шеттетеді.

Федерация жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада жүлдегерлерінің сынамаларына қайта жүргізілген сараптама нәтижесін хабарлайды. Егер спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны анықталса, тиісті шешім қабылданады.

Федерация бұл істер жабылғанша олар бойынша ақпаратқа еш мәлімдеме жасамайды.

Еске сала кетсек, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанлодан Лондон Олимпиадасы кезінде алынған допинг-сынамаларда тыйым салынған заттардың болғаны туралы шетелдік БАҚ 4 маусымда хабарлаған.

Бүгін олардың спорттық жаттығулардан шеттетілетіні мәлім болды.

Связанные Статьи