Кәрім Мәсімов: ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН НАРЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНҒАН ТИІМДІ

/uploads/thumbnail/20170709025240576_small.jpg

 К.Мәсімов зейнетақы қорының қаражатының қалай пайдаланылатыны туралы келелі шешім қабылдау үшін ҚР зейнетақы қорының басшыларын тыңдауға ниет білдірді. Бұл туралы Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП ІІІ съезінде сөйлеген сөзі кезінде айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Зейнетақы қорының қаржысын пайдалану бойынша мен әкімшілік тұрғыдан пайдаланғаннан гөрі, нарықтық тұрғыдан пайдаланған әрдайым тиімді деп ойлаймын, біз қазір ол біздің ақшамыз емес, біздің салымшыларымыздың, біздің зейнеткерлеріміздің ақшасы болса да оны әкімшілік тұрғыда жүзеге асырып жатырмыз», - деп өз пікірімен бөлісті К. Мәсімов.

«Зейнетақы қорының басшыларын тыңдау керек ақша қалай пайдаланылуда, қазір қалай, бұдан әрі қалай дамимыз, осылайша, бірлескен пікірлермен Мемлекет басшысына ол шешім қабылдауы үшін жүгінуіміз керек», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Связанные Статьи