Талғар ауруханасында жатқан продюсер Баян Есентаеваның денсаулық жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Денсаулығы жақсарғанымен Б. Есентаева жансақтау бөлімінен әдеттегі палатаға ауыстырмайды. Дәрігерлер мұндай шешімге продюсерді артық мазалаушылардан қорғау үшін барыпты.
«Сындарлы кезең артта қалды. Денсаулық қалпына келуге бет алды. Науқас өзін жақсы сезінеді. Тұрып, палата ішінде жүріп жүр. Сенбі күні шығарып қалуымыз мүмкін», - дейді Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Сәрсенбаев.
«Ол өте мықты әйел екен. Мынадай жарақатты ерік, жігерінің күштілігімен жеңіп шықты. Ештеңеге шағымданған жоқ», - дейді Е. Сәрсенбаев науқастың жағдайын айта келе.
Алайда, ауруханадан шыққан Баян Есентаеваның денсаулығы біржола жақсарып, жарақатынан айығып кетті деуге болмайды. Алматы облыстық денсаулықсақтау басқармасындағылар ауруханадан шыққан соң продюсердің ем қабылдауды басқа мекемеде жалғастыратынын айтып отыр.
Естеріңізге салсақ, 10 маусым күні продюсер соққыға жығылып, ауруханаға түскен болатын. Полиция негізгі күдікті ретінде сол күні оның күйеуі Бақытбек Есентаевті қамауға алды. Оған қазір қасақана кісі өлтірмек болды деген айып тағылуда.