Премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін Парламент палаталарының бірлекен отырысында ел азаматтарына 10 сотық жер беру мәселесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ел экономикасының жағдайына қатысты қойлыған депутаттардың сұрақтарына жауап берген премьер жер мәселесін де айналып өте алмады.
«Экономиканы дамыту үшін атқарылатын жұмыстың бірі тұрғын үй құрылысын одан әрі ұлғайту. Бұл бағдарламадағы жаңа бағыттың бірі жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс әкімдіктері арқылы инфраструктура жүргізу», - деген ол соңғы күндері жер мәселесіне қатысты пікір-тасластың көп екеніне тоқталды.
«10 сотық жер беру мәселесі, егер ол жерлер инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген болса, бұл мәселені шешуге оң ықпал етер еді. Сондықтан, ресурстардың бір бөлігі жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын дамытуға бағыталады», - деді К. Мәсімов.