Жиеннің нағашыдан дәмететін «қырық серкешіне» де салық саламыз ба?

/uploads/thumbnail/20170709025401514_small.jpg

Осы біздің «Минфиннің» басы істей ме екен?!
«Үйлену тойына берілген сыйлықтарды декларациялау керек» дейді.
Өу, қазақта той үйлену оойымен шектеле ме? Өмірге келгеніне бастап, кеткеніне деййін той емес пе?! Кеткенінің өзі - ас, ел оған да бірнәрсе ырымдайды.
Бесік той, тұсау кесер, сүндет той, жыл сайынғы туған күндер, сырға салу, ұзату, құдалық дегендей.
Жиеннің нағашыдан дәмететін «қырық серкешіне» де салық саламыз ба?!
Жақын адам сырқаттанып жатса, оған да ағайыны мен дос-жараны қаржылай көмек еріп жатады емес пе?!

Меніңше, үкімет «үлкен салықты» (қазба байлықтарды сатып жатқан олиграхтартардан түсуге тиіс салық) ұмітіп, «кіші салықты» өндіруге кіріскен сияқты. Сөйтіп, «фискальды саясат» деген мемлекеттік ұғымды елге күлкілі әрі жиіркенішті етіп жатыр!

Салықты салса, анау олигархтарға салсын.
Және де елді жайлаған жемқорлапдың парасының сомасынан салық өндірсін!

Әміржан Қосановтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Связанные Статьи