Алматының бас даңғылы су астында қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709025413608_small.jpg

Алматының бас көшесі – Әл-Фараби даңғылы су астында қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Тұрғындар мен жүргізушілер даңғыл бойындағы жағдай түсірілген видеолар мен фотоматериалдарды интернет пен әлеуметтік желілерге жариялауда. Ол сурет, видеолардан тек Әл-Фараби даңғылы ғана емес,  Абай, Достық, Фурманов бойында да жаңбыр суының мол жиналып қалуынан көліктердің тоқтап тұрғанын көруге болады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше тұрғындардан аулаларды су басты деген елу шақты хабарлама түскен. Оның 25-і расталған.

«Зардап шеккендердің көбі Алатау ауданында. Су басқан жерлерде әкімдік, ТЖД, құтқару қызметтері мамандары жұмыс істеуде», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы метроның «Алатау» стансасын су басқанын және «Алғабас» ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бірінің төбесінен су саулағанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге салсақ, кешеден бері Алматы қаласында толассыз жауын жаууда. 112 қызметі тұрғындарға телефон арқылы «16-17 маусым күндері Алматы өзендерінде су тасу қаупі бар» деген хабарлама таратуда.

Ал, Қазгидромет мамандары 18-20 маусым күндері Қазақстанның біраз аумағында жауын-шашын болатынын хабарлады.

Связанные Статьи