Продюсер, тележүргізуші Баян Есентаева ауруханадан үйге шыққысы келгенімен дәрігерлер оны шығарғысы жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Ол ертең үйіне шыққысы келеді. Біз оны әзірге ұстап отырмыз. Егер райынан қайтпаса, ертең үйіне шығаруымыз да мүмкін. Бірақ, мен оның дүйсенбіге дейін ауруханада болғанын дұрыс көремін», - дейді Талғар аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа анасы Гүлжамал Мұхитдинова мен қыздары Айсәуле мен Айару Бақытбек күн сайын келетін көрінеді.
Естеріңізге салсақ, 10 маусым күні продюсер соққыға жығылып, ауруханаға түскен. Күдікті ретінде продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды.