Амлатыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінен шу шыққалы біраз болған. Алаяқтарға алданған кешен тұрғындары баспаналарын сот шешімімен босатуға мәжбүр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Сот орындаушылар тұрғындардың үйлерін мәжбүрлеп босатуды бастады. Алматының Ақкент ықшамауданының тұрғындары жан ұшыра көмек сұрағанмен, тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ қызметкерлері ешкімді тырп еткізбеді. Ал пәтерін қорғаймын деп шырқыраған бір азаматтың аяғы жарақаттанып, тағы бірінің тынысы тарылып, ауруханаға түсті.
- "Айт Хаузинг" не владелец этой квартиры.
Бұл бірнеше жыл бойы ақшасын төлеп, тұрып келе жатқан баспанасын беруге қарсыласқан тұрғындардың ашуы. Тұрғын үйлердің кіре берістерін тәртіп сақшылары күзетіп тұрды. Кіргендер шыға алмайды, шыққандар кіре алмайды. Таңертең келетінін ескертіп, түс ауа жаңбыр басыла сау етіп жеткен сот орындаушылар ешкімнің өтінішін елейтін емес. Қолдарында сот шешімі, үйді босату керек. Бұл ушыққан баспана мәселесі Ақкенттегі жүздеген тұрғынға ортақ мұң болып отыр.
МАНАТ ЖОЛДЫБАЕВА, Ақкент ықшамауданының тұрғыны:
- Мы граждане Республики Казахстана. Мы отстаиваем свое единственный жилье. Почему сейчас на нас привели омонов, мы как преступники. За что? Мы заплатили полцены. Мы взяли честно. Мы хотим платить. Не говорим что мы не будем платить.
Сот орындаушылар мен "Айт Хаузинг" компаниясының талабын естіп, қарсылық білдіруге тырысқан келіншектің денсаулығы нашарлап, жедел-жәрдем қызметі алып кетті. Пәтер есігін ашпаймын деп сақшылармен айқасып, аяғын жаралаған бұл жігіт үй бағасының сексен пайызын өтегенін айтады. Тұрғындар өтініші - тегін тұру емес, удай қымбат айлық төлемнің сомасын азайтып, келісім-шартты қайта жасақтау. Ал компания заңгері бұған дейін кешірім жасалып келгенін айтады.
ГҮЛЖАН ЗАПРОНОВА, "Айт Хаузинг" компаниясының заңгері:
- Иә, біз көп адамдардың төлемін ұзартып бердік. Ерікті түрде келіп, ақшаның бір бөлігін төлегендер бар. Мүмкіндік болды. Біз ипотекалық ұйым емеспіз ғой, адамдар сұрағандай 10-20 жылға созатын. Қарызы бар үйлер босатылады.
Ал тағы бір тұрғын, 6 жылдан бері 15-үйде тұрып келе жатқан жалғыз басты ана пәтерінің есігін еріксіз ашып берді. Отбасына заттарын жинап, тасып әкетуге ғана уақыт берілді. Көз жасына ие бола алмаған ол түрік компаниясымен ақырына дейін соттаспақ.
ӘЛИЯ ҚАРАТАЙҚЫЗЫ, Ақкент ықшамауданының тұрғыны:
- Есть, вот у меня жалоба на них. Она вступила в силу. Но это суда исполнитель говорить я такой не получал. Он все это получил. Это по закону. Я в суд подала. Они не имеет право меня выселять.

МАНАС ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Тілші:
- Қазір жиыны 127 пәтерді босату туралы сот шешімі шығып, 35 пәтердің ісі қаралып жатыр. Ал көмек сұраймыз деп полициядан ескерту алған, қанша миллион теңге төлеген пәтерімді босатпаймын деп аяғын жаралаған, көз жасы көл болып сот орындаушыларға еріксіз есігін ашып берген тұрғындарға "Үйден ешкім шығарылмайды" деп бұйрық берген Бауыржан Байбек, бірде-бір әкімдік қызметкерлері араша түсіп келмеді.