Атамбаев Мұхамедиұлына жауап берген қырғыз әйелдерін марапаттады

/uploads/thumbnail/20170709032610629_small.jpg

Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев қырғыз ұлтына тіл тигізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жауап берген әйелдерді марапаттады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Zonaza.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлына видеоүндеу жолдап, намыстарын қорғаған әйелдердің әрекетін қырғыз жұрты патриоттық және ерлік деп бағалаған. Сол себепті Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінде Мәскеуде еден жуып, күнін көріп жүрген қырғыз әйелдерге Атамбаевтың атынан марапат қағаздарын тапсыру салтанаты өтті. 

Ерекше патриоттық танытқан Рисалят Қарабаева мен Гуля Қожаеваға ақшалай сыйлық пен кәдесыйларды президент атынан қығыз елшісі Болат Отынбаев табыс етті. 

Сондай-ақ, видеоүндеуді дайындаған "РИА Новости" ақпараттық агенттігінің қызметкері Айгүл Ниязалиеваға да  арнайы сыйлық тапсырды.

Естеріңізге салсақ, 24 мамырда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада халық алдында есеп берген кезінде Ресейде еден жуып жүрген қырғыз қыздарын көріп, жаны ашитынын айтқан болатын. Мұны естіген Мәскеуде қара жұмыс істейтін әйелдер видеоүндеу жариялап, тамақтарын адал тауып жүргендерін айтқан болатын.

Связанные Статьи