Бала ұрлаған әйел 50 мың теңгемен құтылғысы келеді

/uploads/thumbnail/20170709033054540_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Амангелді кентінде  Мұхаммед есімді балақайды ұрлап кеткен егде жастағы әйел мәмілеге 50 мың теңге беріп құтылғысы келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz TVK арнасына сілтеме жасап.

Баланың әкесінің айтуынша, күдікті Алматы мен Шымкент қалаларындағы психологиялық емдеу орталықтарында  ем алып жүрген көрінеді.

Өткен күні  Мұхаммедтің үйіне өзін ұрлап әкеткен ананың жақындары келген. Олар өз ара түсіністікке келу үшін жәбірленуші тарапқа 50 мың теңге ұсынған. Баланың ата-анасы олар ұсынған ақшаны алудан бас тартқан. Олар баланы ұрлап әкеткен әйелге кешірім бергісі келмейді.

Кешірім сұрап келушілерді шығарып салған үй иелері олардың  дастархан астына ақша қойып кеткенін көрген. Мұхаммедтің әкесі қайтадан осы іске байланысты прокуратура мен полиция қызметкерлерін үйіне шақыртқан. Бала ұрлаған әйелге қатысты сот алды тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 20-шы ақпан күні  Ордабасы ауданына қарасты Амангелді кентінде  Мұхаммед есімді балақайды егде жастағы ана ұрлап кеткен еді. Арада 24 күн өткеннен кейін бала Арыс қаласының тұрғыны 60 жастағы күдіктінің үйінен табылған еді.

Связанные Статьи