Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде болған оқиғаның шуы да әлі басылған жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Лаңкестік шабуылдан соң жақын маңдағы ауыл - аймақтардағы күдік тудырған азаматтар жаппай ұсталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қазір барлығы сұрақтың астына алынды. Сондай-ақ, Балқаш қалалық соты облыста теракт жасамақ болған деген бес күдіктіні екі айға қамауға алу туралы бүгін шешім шығарды.
Сондай-ақ, куәлер құқық қорғаушылардың әсіресе оқиға болған жерді торуылдап жүргенін айтады. Сөздерінше, шабуылдың өзі Балқаш стансасындағы жеке сектордағы үйлердің бірінде болған. Ал террористік актіні дайындады деген содырлардың бірі өз үйінен ұсталыпты. Еске сала кетейік, Гүлшат елдімекенінде 26 маусым күні лаңкестік әрекет барысында бір азамат өзін-өзі жарып жіберген еді. Ал арнайы операция кезінде салафизм ағымын ұстанушы алты азамат ұсталғанын, еліміздің ұлттық Қауіпсіздік комитеті ресми түрде жариялады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.