Сегіз жасар бала гараж бен шаруашылық жайын өртеп жіберді

/uploads/thumbnail/20170709033136759_small.jpg

Өскемендік баланың ойыны өртке ұласты. Сегіз жасар ұл отпен ойнап отырып, 79 жастағы әйелге тиесілі шаруашылық жайын абайсызда өртеп жіберді, - деп хабарлайды Qamshy.kz YK-news.kz -ке сілтеме жасап.

Оқиға 29 маусымда болған. Екінші сынып оқушысы алау жағамын деп жеке үйдің ауласында орналасқан қораға беттеген. Онда қағаз бен бұтақтарды жинап, от жағады. Соңында лапылдап жанған оттан қорқып, бала қашып кеткен. Нәтижесінде гараж бен қора өртке оранған.

Өрт шығарған ұл табылып, полицияға жеткізілді. Гараж бен қораны баланың отбасы өз қаржысына салып беретін болып 79 жастағы зардап шегушімен келісім жасалды. 

Связанные Статьи