Н.Назарбаев: Қазақ жалқау деген анекдоттан арылу керекпіз

/uploads/thumbnail/20170709033144978_small.jpg

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша жиынға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Әрбір азаматтың жұмысы болуы керек, отбасын асырайтын жағдайы болуы керек. Осы мәселеде біз көмектесуіміз керек. Мемлекеттің бере салатын қаражаты жоқ. Өзбектің бір мақалы бар: Жәй отырғанша, жәй жұмыс істеген артық. Осыны біз де үйренейік. Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек. Қазақстанда әрбір адам өзіне жұмыс тауып, отбасын асырауына барлық жағдай жасалған. Барлық жағдайды әкімдер мен министрлер жасауы керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Айта кетейік, телекөпір барысында 8 өндіріс ашылды.

Связанные Статьи