Мәжіліс депутаттары- Оңтүстік Кореяда

/uploads/thumbnail/20170708151750006_small.jpg

Мәжілістің бір топ депутаты 27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Оңтүстік Корея елінде  іс-сапарда жүр.

Қазақстандық делегация құрамында Ромин Мәдинов, Роман Ким, Әлихан Тойбаевтар және республиканың ғылым мен іскерлік сала өкілдері де бар.

Шара барысында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мәдинов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Ауылшаруашылығы, теңіз және балық шаруашылығы  мәселелері комитетінің төрағасы Чой Кюн Сунгпен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың болашағын және өзара пайдалы байланыстың көкжиегін кеңейту мәселесін тілге тиек етті.

Сеулде казақстандық делегация Оңтүстік Корея іскерлік және сауда-өндірістік палатасының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген бизнес-семинар өткізді. Онда «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі ережелері мен шетелдің инвесторларға жол ашатын еліміздің басты бағдарламалық құжатындағы жаңа мүмкіндіктерді түсіндірді.

Қазақстандық делегация  оңтүстік кореялық Кёнги провинциясына барып бірқатар ғылыми-зерттеу институттары, жылыжайлар мен фермерлік шаруашылықтарға барды. Сонымен қатар депутаттар Кореяның алдыңғы қатарлы университеті – «KonkukUniversity» басшыларымен кездесті.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты) 

http://www.parlam.kz

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи