Apple корпорациясы өзінің нарықтағы тұрақты бәсекелесі оңтүстіккореялық Samsung компаниясына сот отырысы залында кезекті талап-арызды берді.
Осы жолы американдық холдинг азиялық өндірушіні өзінің құрылғыларын жүйелі түрде көшіріп отырғандығы туралы айыптауда және 2 млрд. доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр.
Американдық интернет-компанияның бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылғанын алға тартып, осы орайда Apple тарапы Samsung компаниясынан әрбір құрылғы үшін 40 доллардан алуға ниетті.
Талап етіліп отырған бұл қаржы екі алпауыт компанияның осының алдындағы даулы тартысы кезіндегі сомадан 5 есеге артық.
Егер де Apple сотта өзінің дәйегін дәлелдей алса, онда оңтүстіккореялық өндіруші 2 млрд. долларды төлеуге мәжбүр болмақ. Сонымен бірге осы тұрғыда американдық корпорацияның шығыстары 6 млн. долларды құрамақ, деп жазады Утро. Ру.
http://www.inform.kz
Оставить комментарий