"Әдемі-ай" кәдесыйлар көрмесіне шақырады

/uploads/thumbnail/20170708151806030_small.jpg

2014 жылдың 4 сәуір күні «Әдемі-ай plus» ЖШС  және «Әдемі-Ай» өнер мұражайы Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесіне орай «Ұлт жауһарлары» атты жаңа кәдесыйлар топтамасын таныстыруға арналған көрмеге шақырады. Бұл көрмеде,  Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов,  Алматы қаласы әкімі  жанындағы «Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі гендерлік комиссия» мүшелері, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары мен қала тұрғындары қатысады.

 «Әдемі-Ай» компаниясы соңғы 13 жыл бойы халқымыздың құнды мұраларын заманауи үлгіде жаңғыртып, ұлтымыздың салт-дәстүріне сай жасалған кәдесыйларды халыққа ұсынып келеді. Естеріңізге сала кетсек,  2011 жылы «Әдемі-Ай» компаниясының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнертанушы, коллекционер Бахаргүл Төлегенқызы 1000-нан астам жәдігері қойылған «Әдемі-Ай» өнер мұражайын ашқан болатын. Осы  мұражайда сақталған  көне  жәдігерлер жаңа заманға сай қайта жаңғыртылып, жаңа кәдесыйлар қатарын толықтыруда.

   «Әдемі-ай» компаниясы биылғы жылда шығармашылық жұмыстарға басымдылық бере отырып, жаңа өнімдерінің қатарын көбейтті. Қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, бүгінгі келбетін бейнелейтін «Асатаяқ»,  «Өңіржиек» сынды кәдесыйлармен өзге де зергерлік әшекейлер,  жібектен жасалған тоқыма бұйымдар, былғары бизнес аксессуралар  мен ерекше сыйлықтар. Басқа да  жағымды жаңалықтардың болатындығын жеткізе отырып Сіздерді қуанышымызға  куә болуға  шақырамыз.

Өтетін орны: «Әдемі-Ай» компаниясының бас ғимараты. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 133Б, (Байзақов көшесінің қиылысы).

Өтетін уақыты: 12.00-де.

Қосымша ақпарат: +7 (727) 378 84 85

                                     Нұрахметова Айзат  8 700 123 88 91                                      Талғатқызы Мерей  8 707 404 04 54

Оставить комментарий

Связанные Статьи