Ақтөбедегі «Паллада» қару-жарақ дүкенінің иесі қылмыстық жауапқа тартылады

/uploads/thumbnail/20170709044743498_small.jpg

Қару-жарақты қолжетімді жерге қойған «Паллада» дүкенінің иесі қылмыстық жауапқа тартылады. 5 маусым күні лаңкестер шабуыл жасаған «Пантера» мен «Паллада» қару-жарақ дүкендерінің иелері оқиғадан кейін 20 АЕК әкімшілік айыппұл төлеп, барлық кемшілікті жойды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Bnews.kz - ке сілтеме жасап.

«Облыстағы барлық қару-жарақ дүкендері облыстық прокуратура, облыстық ІІД, Ішкі істер министрлігінің тексеруінен өтті. «Пантера» дүкенінде қару-жарақты сақтау кемшіліктері анықталды. Дүкен иесіне 40 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ал «Паллада» дүкенінің иесі қару-жарақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Дүкен ішіне кірген адам қаруға оңай қол жеткізген. Шүріппелері бекітілмеген. Сондықтан қылмыстық іс тергеліп жатыр», - дейді облыстық прокуратураның ІІ басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов.

Айта кетейік, екі қару-жарақ дүкені де қару-жарақты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету кемшіліктерін жойып, айыппұл төледі.

«5 маусым күні болған лаңкестік оқиға әлі тергеліп жатыр. Сондықтан іс туралы қандай да бір ақпарат беруге болмайды. Қазір 67 материал бар. Бірнеше прокурор тергеу жұмыстарына қатысып жүр. Кінәлілер мен оларға көмектескендердің барлығы ұсталды»,- дейді Басқарма басшысы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи