Ел намысын аяққа таптаған казачество ұйымы

/uploads/thumbnail/20170708151842997_small.jpg

1996 жылы қазанда ҚР Әділет министрлігі «Союз казаков Степного края» аймақтық қоғамдық бірлестігін тіркеу арқылы мемлекетке саяси сатқындық жасады. Өйткені, казактар Қазақстан тарихында да, қазақ тарихында да халыққа қарсы құрылған патшалық Ресейдің Қазақстан тәуелсіздігіне қарсы жұмсалған қарулы күші болатын. Оны осы ұйымның мына сайтындағы (http://www.arvedi.kz/union-of-cossacks-steppes/roo-sojuz-kazakov-stepnogo-kraja.html) мына ақпараттан да көреміз:

О казачьих войсках

 Основные направления (цели) деятельности: культурно-просветительская, правозащитная, защита прав и свобод российских соотечественников, проживающих в Казахстане; изучение истории развития культуры казачества

 Сайт ашықтан ашық Ресейдің Қазақстандағы отандастарының құқығы мен бостандығын қорғайтын ұйымдыкы болып шықты. Сонда Қазақстанның азаматтығы олардың құқығы мен бостығын қорғамайтын болып, казактар қорғайтын айырықша күш екен!

Және де ұйымның атауындағы «степной край»  тіркесі патшалық Ресейдің Қазақстанның тәуелсіздігінен айырылғаннан кейінгі берген мәртебесі болғандығын ҚР Әділет министрдігі ескермеген, білсе де байқамаған сыңай танытқан.  Сөйтіп, Қазақстан аумағында құрылған шетелдік қоғамдық ұйымды тіркеген болып отыр. Бұл үшін ҚР Әділет министрлігі құқық жүзінде жауап беруі керек және де бұл тіркеуді Конституциялық кеңестің қарауына салатын уақыт туды. 17 жыл бойы Әділет министрлігі жат пиғылдағы шетелдік идеология мен мақсатты көздейтін ұйымды тіркеу арқылы елге сатқындық жасағаны қоғамдық айыптауға ұшыратылуы керек.

Елсерік

Связанные Статьи